Изучаем государственный язык: Кітапханада (В библиотеке)

004-4-2Кітапханада В библиотеке

«Түсінісу, келісу» тақырыбындағы сөйлеу әдебі –  Речевой этикет на тему  «Понимание, согласие».

Оқыңыз. Есте сақтаңыз! Читайте. Запомните!

-Иә, әрине – Да, конечно.

Жақсы, жарайды – Хорошо, ладно.

Әрине, болады – Разумеется, можно.

Келістік – Договорились.

Мен қарсы емеспін – Я не возражаю.

Қарсылығым жоқ – Я не против.

Дәл солай – Именно так.

Сенікі/сіздікі/ дұрыс – Ты прав / вы правы.

Мен де солай ойлаймын – Я тоже так думаю

Жаңа сөздермен танысайық. Ознакомимся с новыми словами.

Оқырман билеті – читательский билет

Бақылау парағы – контрольный лист

Қажетті әдебиет – необходимая литература

Мерзімді басылымдар – периодические издания

Мәліметтер – сведения

Көрсеткіш –  указатель

Мекенжай  – адрес

Кітаптар саны – количество книг

Жаңа нөмірлері – свежие номера

Тізім – список

Тігінді – подшивка

Сөре – полка

Тиым салынады – запрещается

Тыныштық сақтау – соблюдать тишину

1-й диалог

Статистика және оқырмандарды тіркеу бөлімінде

В  отделе статистики и регистрации читателей

— Как я могу получить читательский билет? — Оқырман билетін қалай алуыма болады?

— Чтобы записаться, нужно предъявить  удостоверение личности. — Жазылу үшін куәлігіңізді көрсетуіңіз керек.

— Должна быть фотография. — Фотосуретіңіз болуы қажет.

— У меня нет фотографии. — Менің фотосуретім жоқ.

— Фотографию можно сделать у нас. — Суретке бізде түсуге болады.

— Скажите, пожалуйста, фамилию, имя, отчество, место работы или учебное заведение, адрес. — Маған тегіңізді, есіміңізді, әкеңіздің атын, жұмыс орныңызды немесе оқу орнын, мекенжайыңызды айтыңызшы.

— Вот ваш читательский билет. — Міне оқырман билетіңіз.

— Читательский билет предъявляется при каждом посещении библиотеки. — Оқырман билеті кітапханаға келген сайын көрсетіледі.

— Не забудьте взять контрольный лист. — Бақылау парағын алуды ұмытпаңыз.

— На контрольном листе указывается количество  взятых книг. — Бақылау парағында алынған кітап саны көрсетіледі.

— Контрольный лист нужно сдать при выходе. — Бақылау парағын шығарда тапсыру керек.

— Можете пройти в зал каталогов, где расположен  справочный аппарат. — Анықтама аппараты орналасқан каталогтар залына баруыңызға болады.

— Объясните, пожалуйста, как пользоваться каталогом? — Түсіндіріп жіберіңізші, каталогпен қалай жұмыс істеуге болады?

— Как можно найти необходимую мне литературу? — Керекті әдебиетті қалай табуыма болады?

— Можете самостоятельно найти  необходимую литературу. — Керекті әдебиетті өз бетінше  тауып алуыңызға болады.

— Вам может помочь дежурный библиограф. — Сізге кезекші библиограф көмек көр-сетеді.

— Затем можно идти в отделы библиотеки или в читальный зал. — Содан кейін кітапхана бөлімдеріне немесе оқу залына баруға болады.

— Спасибо за помощь и советы! — Көмегіңізге, ақыл-кеңесіңізге рахмет!

2-й диалог

В читальном зале. Оқу залында

— Можно взять книгу на дом? — Кітапты үйге алуға бола ма? — В читальном зале книги не выдаются на руки. — Оқу залында кітаптар қолға берілмейді.

— По всем вопросам осуществляется консультативная помощь читателям. — Барлық сұрақтар бойынша оқырмандарға  кеңес беріледі.

— В читальном зале литература расположена по библиографической таблице. — Оқу залында әдебиеттер библиографиялық жіктеу кестесіне сәйкес орналасқан.

— У вас есть  периодические издания? — Сіздерде мерзімді басылымдар бар ма?

— Вы найдете у нас множество периодических изданий. — Сіз бізден көптеген мерзімді басылымдар таба аласыз.

— Есть издания по различным отраслям знаний на казахском и русском языках. — Қазақ және орыс тілінде әртүрлі білім саласындағы басылымдар бар.

— Есть свежие номера общественно-политических, литературно-художествен-ных, научно-популярных журналов и газет. — Қоғамдық-саяси, әдеби-көркем, ғылыми-көпшілік журналдар мен газеттердің жаңа сандары бар.

— Вот список журналов и газет,  которые мы получаем. — Мынау біз алып тұратын газет-журналдардың тізімі.

— Я хочу просмотреть подшивку за этот год. — Мен биылғы жылдың тігіндісін қарай-ын деп едім.

— Свежие номера вы найдете на полке справа. — Жаңа сандарын оң жақтағы сөре-ден табасыз.

— Оқу залында тыныштық сақтаңыздар! — Соблюдайте тишину в читальном зале!

Отраслевые термины. Салалық терминдер:

Библиографиялық дереккөз – библиографический источник.

Тақырыптық каталог – тематический каталог.

Оқырмандар тобы – читательская группа.

Әріптік индекстеу – буквенная индексация.

Реттік индекстеу – порядковая индексация.

Салалық қор – отраслевой фонд.

Сілтеме – ссылка.

Анықтамалық басылымдар – справочные издания.

Кепілдік абонемент – залоговый абонемент.

Қорды толықтыру –  комплектование фонда.

Электронды ақпарат тасымалдағыштар – электронные носители информации.

Түптеулі өлшем –  переплетная единица.

Көмекші қор – подсобный фонд.

Кітап қоймасы – книгохранилище.

Бақылау данасы – контрольный экземпляр.

Акмолинский областной  учебно-методический  центр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также