Жағдаяттық сұхбат. Ситуационное общение
1-й диалог
— Сәлеметсіздер ме! Қош келдіңіздер! — Здравствуйте! Добро пожаловать!
— Сәлеметсіз бе! — Здравствуйте!
— Ас мәзірін беріңізші. -Дайте меню, пожалуйста.
— Сіздің қызметіңізге. Міне, негізгі ас мәзірі және десерттер. — К вашим услугам. Вот основное меню и десерты.
— Ас мәзірінен «Деревенский пирог» тағамын көріп тұрмын. Ол қандай тағам? — Я вижу в меню «Деревенский пирог». Что это за блюдо?
— Бұл картоп езбесі мен өз шырынында туралап дайындалған сиыр еті. — Это рубленая говядина в собственном соку с картофельным пюре.
— Онда бізге екі порция әкеліп беріңізші. -Тогда нам две порции, будьте добры.
— Жақсы. — Хорошо.
— Салаттың қандай түрлері бар? -Какие виды салатов есть?
— Мәзірде көрсетілген барлық салаттар бар. — Есть все салаты, которые указаны в меню.
— Қауын мен апельсин салатын беріңізші. — Дайте, пожалуйста, салат из дыни и апельсина.
— Не ішесіздер? -Что будете пить?
— Сіз қандай кеңес берер едіңіз? — Что бы Вы посоветовали?
— Шырын немесе газдалған су алыңыздар. -Возьмите сок или газированную воду.
— Бізге екі стакан алма шырынын әкеліңіз. — Принесите нам, пожалуйста, два стакана яблочного сока.
— Десерт аласыз ба? -Закажете десерт?
— Әзірше алмаймыз. Мүмкін, сосын кілегеймен бірдеңеге тапсырыс берерміз. Ас мәзірін қалдырыңызшы. — Пока нет. Возможно, позже закажем что-нибудь со сливками. Не забирайте меню, пожалуйста.
— Сіздердің тапсырыстарыңыз бес-он минутта дайын болады. Жақсылап демалыңыздар! — Ваш заказ будет готов в течение пяти-десяти минут. Приятного отдыха!
— Рахмет! — Спасибо.
2-й диалог
— Сәлеметсіз бе! — Здравствуйте!
-Даяшы, дастархан мәзірін беріңізші. — Официант, принесите меню, пожалуйста.
Не аласыз? — Что будете брать?
— Қуырдақ, қазы, жая бар ма? — Есть куырдак, казы и жая?
— Бар. — Есть.
Қандай сусындар бар? — Какие напитки есть?
— Шұбат, қымыз, айран, минералды су бар. -Есть шубат, кумыс, айран, минеральная вода.
— Маған қандай кеңес бересіз? Не алайын? — Что Вы мне посоветуете? Что взять?
— Шұбат алыңыз. — Возьмите шубат.
— Маған қуырдақ пен шұбат әкеліңіз. — Принесите, пожалуйста, куырдак и шубат.
— Міне, алыңыз. — Вот, возьмите.
Рахмет! — Спасибо!
— Асыңыз дәмді болсын! — Приятного аппетита!
Сөз әдебі:
Таңдану – Удивление
Оқыңыз. Есте сақтаңыз.
Читайте. Запомните!
Мен таң қалдым – Я удивился.
Мен аң-таң болдым – Я был удивлен.
Бұл мен үшін күтпеген жағдай – Это для меня совершенно неожиданно.
Рас па? – Правда?
Кім ойлаған? – Кто мог подумать?
Кездесеміз деп кім ойлаған! – Кто думал, что встретимся!
Мүмкін емес! – Невероятно!
Бұл жаңалық қой – Вот это новость!
Өз көзіме өзім сенбей тұрмын! – Не верю своим глазам!
Жаңа сөздерді үйренейік! Давайте учить новые слова!
Тапсырыс – заказ
Ас дәмді болсын! Ас болсын! – Приятного аппетита!
Ас мәзірі – меню
Тағам – блюдо
Шырын – сок
Сусын – напиток
Ыстық тағам – горячее блюдо
Біріншіге – на первое
Екіншіге – на второе
Терминдер — Термины
Жеңсік ас – деликатес
Ұлттық тағам – национальное блюдо
Даяшы – официант
Бар даяшысы – бармен
Қонақ, мейман – гость
Дәм тату – дегустация
Салқын тіскебасар – холодная закуска
Акмолинский областной учебно-методический центр.