Құдалық
Диалогтарды оқып шығыңыз.
Ознакомьтесь с диалогами.
— Сәлеметсіз бе, Айгүл?
— Амансыз ба, Жанар. Қал-жағдайыңыз қалай?
— Жақсы, қандай жаңалықтарыңыз бар?
— Менде жаңалық көп. Ұлым үйленейін деп жатыр, құдалыққа дайындалып жатырмыз.
— Құттықтаймын! Құдалыққа байланысты жөн-жоралғыларды білесіз бе?
— Иә, «сырға тағар», «сүтақы».
— «Құйрық-бауыр» жейсіз. Одан кейін «Құда – мың жылдық, күйеу – жүз жылдық» деп, «құдалармен төс қағыстыру» дәстүрі де бар ғой.
— Сіз барлық дәстүрлерді жақсы біледі екенсіз ғой!
— Мен де биыл қызымды тұрмысқа бердім.
— «Қыз ұзату» жасадыңыз ба?
— Иә, «құдалық» та, «қыз ұзату» да жасадым.
— Мен де сізді құттықтаймын!
— Рақмет! Құдалығыңыз жақсы өтсін! Сау болыңыз!
— Көріскенше!
* * *
— Здравствуйте, Айгуль.
— Здравствуйте, Жанар. Как ваши дела?
— Хорошо, какие новости у вас?
— У меня новостей много. Сын женится, собираемся на сватовство.
— Поздравляю! Вы знаете обычаи и традиции, связанные со сватовством?
— Да, «дарить сережки», «плата за материнское молоко» (за то, что вырастили дочку).
— Сваты преподносят угощение «печень с курдючным жиром», после этого принято проводить обряд «обнимание со сватами», который символизирует родственные отношения на века.
— Вы, оказывается, хорошо знаете все традиции!
— Да, я же в этом году выдала замуж дочку.
— Делали «проводы невесты»?
— Да, делала и «сватовство», и «проводы невесты».
— Я тоже вас поздравляю!
— Спасибо! Пусть сватовство пройдет благополучно! До свидания!
— До встречи!
Тірек сөздер – опорные слова
Үйлену – жениться
Құдалық – сватовство
Жаңалық – новость
Тұрмысқа беру – выдать замуж
Құттықтау – поздравлять
Жақсы өткізу – провести хорошо
Жақсы білесіз – хорошо знаете
Құйрық-бауыр – печень с курдючным жиром
Құдалық дегеніміз не?
Ертеден және қазір де жалғасып келе жатқан әрі жарасты дәстүрлердің бірі – құда түсу. Жігіттің әкесі немесе жақын туыстары қызы бар үйге құда түседі, яғни бойжеткен қызын сұрайды. Құдалар құрметке лайық сыйлы адам деп саналады. Қыз әкесі келісім берген соң құдалықтың жөн-жоралғыларын жасайды. Оның түрлері өте көп … мысалы, құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр тағы басқа ырымдар мен кәделер, алымдары болады. Құдалықты басқарып барған адам «бас құда» деп аталады. Тұрмыс құратын жігіт пен қалыңдықтың әкелері бір-біріне «бауыздау құда» деп аталады.
Құда түсу – қазақтың ең үлкен той-думаны мәртебелі, жарасты әрі мән-маңызы бар салт-дәстүрлерінің бірі. Онда түрлі ойын-сауық, әзіл-қалжыңдар, палуан күрес, айтыс, өлеңдер айтылады.
Что такое құдалық?
Одна из издревле существующих, обязательных традиций қазахского народа – это құдалық (сватовство).
Отец юноши с близкими родственниками едут сватать девушку. Процесс сватовства был довольно непростым и интересным. Приезд сватов носит название «құда түсер».
Отец девушки, извещенный заранее о приезде сватов, приглашает своих родных и близких. Сватов торжественно принимают. После того, как отец девушки дает «добро», обе стороны преподносят друг другу презенты, полагающиеся по традиции: құда аттанар, құда тарту, ат байлар, құйрық-бауыр и т.д. Самого главного представителя сватов называют «бас құда» (бас –главный), отцов жениха и невесты – бауыздау құда, т.е. самыми близкими.
«Құда түсу» – самый высокочтимый, значительный той, несущий в себе особый национальный колорит.
Оқыңыздар, есте сақтаңыздар!
Прочитайте и запомните!
Мәдениет саласының терминдері
Термины сферы культуры
Ұлттық мәдени мұра – национальное культурное наследие
Ұлттық мәдени игілік – национальное культурное достояние
Мәдени құндылық – культурная ценность
Бейнелеу өнері – изобразительное искус-ство
Мәдени демалыс ұйымы – культурно-досуговая организация
Қазіргі заман өнер музейі – музей современного искусства
Театр маусымы – театральный сезон
Орындаушы – исполнитель
Классикалық музыка – классическая музыка
Халық музыкасы – народная музыка
Бағдарлама – программа
Опералық әнші – оперный певец
Музыкалық аспап – музыкальный инструмент
Өнер туындылары – произведения искус-ства
Зергерлік өнер – ювелирное искусство
Қолданбалы өнер – прикладное искус-ство
Көрме – выставка
Мұрағат – архив
Музыкалық өндеу – музыкальная аранжировка
Мәдениеттер алуандығы – мультикультурализм.
Областной учебно-методический центр управления по развитию языков.