Лексикалық минимум. Лексический минимум
— Сәлеметсіз бе! — Здравствуйте!
Анықтама бюросы — справочное бюро
Жедел поезд — скорый поезд
Теміржол бекеті — железнодорожный вокзал
Жолсерік — кондуктор
Алдын-ала тапсырыс беру — предварительный заказ
Құжат — документ
Бағыт — направление
Жолаушылар пойызы — пассажирский поезд
Бірінші сыныптық — первый класс
Жүк — багаж
Жүк қоймасы — багажный отдел
Күту залы — зал ожидания
Кесте — расписание
Соңғы бекет — конечная станция
Ауысып отыру — пересадка
Вагон-мейрамхана — вагон-ресторан
Келуі — прибытие
Кері қайту – приехать обратно
Рахмет — спасибо
Оқасы жоқ — не стоит благодарности
І. Пойызға алдын-ала билет алу.
Предварительная покупка билета на поезд.
— Кешіріңіз, мен билетке тапсырыс берейін деп тұрмын. — Извините, я хотел(а) бы сделать заказ на билет.
— Жедел пойызға ма, әлде жолаушылар пойызына ма? — На скорый поезд или на обычный пассажирский поезд?
— Жолаушылар пойызына алайын деп тұрмын. Билет бар ма екен? — Я беру на пассажирский поезд. Есть билеты?
— Сіз бүгінге сұрап тұрсыз ба? — Вы хотите на сегодня?
— Жоқ, мен алдын ала тапсырыс берейін деп едім. — Нет, я хочу сделать предварительный заказ.
— Жақсы, қай күнге аласыз? — Хорошо, на какой день берете?
— Бес күннен кейін жүремін. — Через пять дней поеду.
— Қазір тексеріп көрдім. Билеттер бар екен. Құжаттарыңызды беріңіз. — Вот сейчас проверил. Билеты есть. Дайте ваши документы
— Рахмет, мінекей, алыңыз. — Спасибо. Вот, возьмите.
ІІ. Пойызға билет алу.
Покупка билета на поезд.
— Сәлеметсіз бе! — Здравствуйте!
— Мен сізді тыңдап тұрмын. Айта беріңіз. — Я вас слушаю. Говорите.
— Астанаға дейін және кері бірінші сыныптық билет керек еді. — Нужен билет первым классом до Астаны и обратно.
— Құжаттарыңызды беріңізшi. — Дайте, пожалуйста, ваши документы.
— Кетуі мен қайта оралуы бір күнде болсын ба? — Убытие и возвращение в один день?
— Жоқ, мен демалыс күндеріне бара жатырмын. – Нет, я еду на выходные.
— Онда сіздің пойызыңыз Көкшетау – Астана бағытында 13.30-да болмақ. — Тогда ваш поезд по направлению Кокшетау – Астана в 13.30.
— 13.30-дағы поезд қай платформадан аттанатындығын айтып жібермейсіз бе ? — Не могли бы вы подсказать мне, с какой платформы убывает поезд на 13.30.
— Иә, бесінші платформа. — Да, с пятой платформы.
— Рахмет. — Спасибо.
— Сізге де рахмет. — И вам спасибо.
Акмолинский областной учебно-методический центр.