Жағдаятты сұхбат.
Ситуационное общение
1-ші сұхбат. 1-й диалог
— Алло, сәлеметсіз бе? — Алло, здравствуйте!
— Сәлеметсіз бе? Мен сізді тыңдап тұрмын. Қандай сұрағыңыз бар? – Здравствуйте. Я вас слушаю. По какому вопросу звоните?
— Бізге жұмыс орнынан еңбекақымызды төлемей жатыр. — Нам на работе не платят заработную плату.
— Сізде еңбек шартыңыз бар ма? — У вас имеется трудовой договор?
— Жоқ, еңбек шарты бізге берілген жоқ. — Нет, нам не давали трудовой договор.
— Сіз партияның филиалынан басқа қай жерлерге көмек сұрап жүгіндіңіз? — Кроме филиала нашей партии, вы к кому-то еще обращались?
— Бірінші сіздерге келдік. – Пока только к вам.
— Жақсы, 25 қараша күні сағат 10-да Еңбек туралы инспекция басқармасы қабылдау жүргізеді. Мен сізді жазып қояйын. — Хорошо, 25 ноября в 10 часов в управлении инспекции по труду будет проводиться прием. Я вас запишу.
— Жақсы, біз келеміз. — Хорошо, мы придем.
— Сау болыңыз! — До свидания!
2-ші сұхбат. 2-й диалог
— Сәлеметсіз бе? — Здравствуйте!
— Қандай мәселемен келдіңіз? — По какому вопросу пришли?
— Маған сіздердің көмектеріңіз керек еді. Мен екінші топтағы мүгедекпін, сондықтан пәтер алатын жағдайым жоқ. Маған пәтер керек. — Мне нужна ваша помощь. Я инвалид второй группы, поэтому у меня нет возможности купить квартиру.
— Сіз бүгінгі күні пәтер алу кезегінде тұрсыз ба? — На сегодняшний день вы стоите в очереди?
— Иә, тұрмын. — Да, стою.
— Қандай нөмірмен? — Под каким номером?
— 22. — 22.
— Өте жақсы. Онда сізге келешекте кезек бойынша пәтер берілетін болады. — Замечательно. В таком случае, в будущем вам предоставят квартиру.
— Ертерек алуға болмай ма? — А раньше получить нельзя?
— Жоқ, Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй қатынастары» туралы Заңы бар. Осы заңға сәйкес ҚР азаматтары тұрғын үйді тек кезекке тұрып қана ала алады. — Нет, в Республике Казахстан действует Закон «О жилищных отношениях». Согласно этому закону жители РК могут получить квартиру только в порядке очереди.
— Түсінікті. Мен кезегімді күтемін. Рахмет. — Понятно. Я буду ждать своей очереди. Спасибо!
— Сау болыңыз! — До свидания!
Терминдермен танысайық
Ознакомимся с терминами
Адалдық – честность
Әкімші – администратор
Саяси күштердің жандана түсуі – активация социальных сил
Өзектілік – актуальность
Отансүйгіштікке қарсы — антипатриотический
Сайлау – выборы
Партияға сенім- доверие к партии
Азаматтық құқықтарды қорғау — защита гражданских прав
Ақылдасу – консультация
Әділетсіздік – несправедливость
Қоғамдық ұйым – общественная организация
Жариялау – оглашение
Тұрғындардың күтуі – ожидание населения
Сайлау округі – избирательный округ
Саяси ұйым – политическая организация
«Ақыл-кеңес» тақырыбындағы сөйлеу әдебі.
Речевой этикет по теме: «Совет»
— Сіз маған қандай кеңес бересіз? – Что вы мне посоветуете?
— Менің орнымда болсаңыз не істер едіңіз? – Что бы вы сделали на моем месте?
— Асықпаңыз! – Не спешите!
— Көңіл бөлмеңіз! – Не обращайте внимания!
— Қобалжымаңыз! – Не волнуйтесь!
— Бұл туралы ойламаңыз – Не думайте об этом
— Ештеңе ойламаңыз – Ни о чем не думайте
— Қорқатын ештеңе жоқ – Ничего страшного
— Уақытты текке өткізбеңіз – Не тратьте зря время
— Меніңше, сіздің демалуыңыз керек – По-моему, вам надо отдохнуть
— Менің ойымша… – Я думаю, что …
— … жақсы болар еді – Было бы лучше…
— Демалыс күндерін бізбен бірге өткізіңіз – Выходные дни проведите с нами.
Диалогтарға қатысты сөздер.
Слова, связанные с диалогами
Тыңдап тұрмын — слушаю
Еңбекақы — заработная плата
Еңбек шарты — трудовой договор
Жүгіндіңіз — обращались
Жазып қояйын — запишу
Мәселемен – по проблеме
Мүгедек — инвалид
Кезек — очередь
Келешекте – в будущем
Түсінікті – понятно
Акмолинский областной учебно-методический центр.