Триединство языков: Театрда — В театре

Жағдаяттық сұхбат.
Ситуационное общение

1-й диалог
Cіз театрға жиі барасыз ба? — Вы часто ходите в театр?
— Жоқ, жаңа қойылымдарға барамын.- Нет, хожу на новые постановки.
— Театрға кіммен барасыз? — С кем ходите в театр?
— Театрға досыммен барамын. — В театр хожу с другом.
— Бүгін театрда қандай қойылым болады? — Сегодня какая постановка  в театре?
— Бүгін «Құдалар» спектаклі болады.- Сегодня будет спектакль «Сваты».
— Кассада билет бар ма? — В кассе есть билеты?
Барлық билеттер сатылып кетті. — Все билеты проданы.
— Күні бұрын билет сатып алмағаным өкінішті-ақ. — Жаль, что я не купил заранее билеты.
— Ертеңге билет алуыңызға болады. — На завтра можете купить билеты.
Жақсы, рахмет. — Хорошо, спасибо.
2-й диалог
— Сіз қай театрға баруға кеңес бересіз? — В какой театр вы посоветовали бы пойти?
— Біздің қалада орыс және қазақ драма театрлары бар. Сіз қайсысына барғыңыз келеді? — В нашем городе есть русский и казахский драматические театры. Вы в какой театр хотите сходить?
— Бүгін қазақ драма театрында қандай қойылым жүріп жатыр? — Что се-годня идет  в казахском  драмтеатре?
— И. Зайниевтің «Люстра» лирикалық комедиясы. — Лирическая комедия       И. Зайниева  «Люстра».
— Басты рөлде кім ойнайды? — Кто играет главную роль?
— ҚР Халық әртісі Бағысова Жібек Есекеқызы басты рөлде ойнайды. — В главной роли играет народная артистка РК  Багысова Жибек Есекеевна.
— Орыс драма театрында қандай қойылым? — Какая постановка в русском драматическом театре?
«Сыған серенадасы» мюзиклі. — Мюзикл «Цыганская серенада».
— Билетті қайдан алуға болады? — Где можно купить билеты?
— Билетті кассадан алуға болады. — Билеты  можно купить в кассе.
— Дүрбіні жалға қайдан алуға болады? — Где я могу взять бинокль напрокат?
Әкімшіден  алыңыз. — Возьмите у администратора.
— Көмегіңізге көп рахмет! — Большое спасибо за помощь!
— Оқасы жоқ. — Не за что.
Салалық терминдермен танысайық.
Отраслевые термины.
Маусым – сезон
Көрермен – зритель
Әртіс – артист
Сахнаның безендірілуі – декорация сцены
Шымылдық – занавес
Сахналық көрсетілімдер – сценические представления
Дарынды орындаушылар – талант-ливые исполнители
Үзіліс – антракт
Орындаушы – исполнитель
Алғашқы қойылым – первая постановка
Театр өнері – театральное искусство
Концерттік қызмет – концертная деятельность
Қуыршақ театры – кукольный театр
Басты рөл – главная роль
Дүрбі  – бинокль
Жиі – часто
Жаңа қойылым – новая постановка
Сатылып кетті – продано
Ойнау – играть
Көмек – помощь
Жалға – напрокат
  «Құттықтау» тақырыбы бойынша сөйлеу әдебі.
Речевой этикет на тему «Поздравления»
Мерекеңізбен! – С праздником!
Құттықтаймын! – Поздравляю!
Туған күніңізбен! –С Днем рождения!
Мерейтойыңызбен! – С юбилеем!
Жаңа жылмен! – С Новым годом!
Наурыз мерекесімен! – С праздником Наурыз!
Қоныс құтты болсын! – Поздравляю с новосельем!
Үйлену тойы құтты болсын – Поздравляю с бракосочетанием!
Еңбекте табыс тілеймін! – Успехов в работе!
Бала-шағаңыздың қызығын көріңіз! – Будьте счастливы в семье!
Шын жүректен құттықтаймын! –    Поздравляю от чистого сердца!
Мол бақыт тілеймін! – Желаю огромного счастья! Зор денсаулық тілеймін! – Желаю крепкого здоровья! Ұзақ ғұмыр тілеймін! – Желаю долгих лет жизни!
Акмолинский областной  учебно-методический центр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также