Сауда орталығында. В торговом доме

Триединство языков
Жаңа сөздермен танысайық!
Ознакомимся с новыми словами!
1. Сауда үйі – торговый дом.
2. Сәнді киім – модная одежда.
3. Қымбат – дорого.
4. Сапалы – качественный.
5. Арзан – дешево.
6. Жарасады – к лицу.
7. Жеңілдік – скидка.
8. Киіп көруге бола ма? – Можно примерить?
9. Киім өлшейтін орын – примерочная.
10.Көмектесу – помогать.
11.Қызықтырады – интересует.
12. Сіз маған қандай кеңес бере аласыз? – Что вы можете мне посоветовать?
13. Саудаңыз сәтті болсын! – Удачной торговли!
14. Таңдау – выбирать.
15. Төлеу – оплатить, платить.
16. Түсі келмейтін сияқты – Кажется, цвет не подходит.
17. Талғам – вкус.
Жағдаяттар бойынша сұхбаттасайық
Первый диалог
— Жанна, «Жібек жолы» базарына барып келейікші. — Жанна, давай сходим на рынок «Жібек жолы».
— Не алайын деп едің? — Что хотела купить?
— Үйде ет таусылып қалған еді. Ет және басқа азық-түлік алайық. Сенің қолың бос па? — Дома закончилось мясо. Купим мясо и другие продукты. Ты свободна?
— Иә, бүгін боспын. Барсақ, барайық. Жылқы етін аласың ба әлде қой етін бе? — Да, сегодня свободна. Сходим. Купишь конину или баранину?
— Жылқы етін аламын. — Конину.
— Еттің бағасы қымбаттаған жоқ па екен? — Мясо не подорожало?
— Білмедім,барған соң көрерміз. — Не знаю, там посмотрим.
— Мына еттің бағасын айтыңызшы? — Подскажите, сколько стоит это мясо?
— 1200 теңге. Қазы-қарта,шұжық бәрі бар. Неше келі өлшейін? — 1200 тенге. У нас есть и казы-карта, и шужык, сколько килограммов взвесить?
— Маған үш келі ет беріңізші. — Дайте мне, пожалуйста, 3 килограмма.
— Міне, сізден 3600 теңге. Қазы-қарта берейін бе? — С вас 3600 тенге. Вам дать казы-карта?
— Жоқ, рақмет. — Нет, спасибо.
— Сәуле, енді жеміс-жидек бөліміне барайықшы. — Сауле, пойдем в овощной отдел.
— Алма қанша тұрады? — Сколько стоит килограмм яблок?
— Бұл – апорт, бағасы 350 теңге. Өлшейін бе? — Это – апорт, цена 350 тенге, вам взвесить?
— Иә, маған жақсысынан 2 келі беріңіз. Алмұрт қаншадан? — Да, дайте, пожалуйста, 2 килограмма хороших яблок. Сколько стоят груши?
— Алмұрт 400 теңге. Неше келі берейін? — Груши стоят 400 тенге. Сколько кило-граммов взвесить?
— Одан да бір келі беріңізші. — Взвесьте один килограмм груш.
— Міне, алыңыз. — Вот, пожалуйста.
— Қанша болды? — Сколько всего?
— 4700 теңге. Рахмет. — 4700 тенге. Спасибо.
Второй диалог
— Сәлеметсіз бе? Келіңіздер, көріңіздер. Қандай киім сізді қызықтырады? — Здравствуйте. Проходите, смотрите. Какая одежда вас интересует?
— Маған әдемі, сәнді бір көйлек керек еді. Мына көйлек қанша тұрады? — Мне  нужно красивое, модное платье. Сколько стоит это платье?
— 10000 (он мың) теңге. Сізге нешінші өлшем керек? — 10000 (десять тысяч тенге). Какой размер вам нужен?
— Қырық алтыншы өлшем. — Сорок шестой размер.
— Сізге қырық алтыншы өлшемді тауып беремін. — Я подам ваш размер.
— Киіп көруге бола ма? — Можно примерить?
— Әрине, киіп көріңіз. Мына жерде киіп көруіңізге болады. — Конечно, примерьте.
— Маған үлгісі ұнап тұр, бірақ түсі келмейтін сияқты. Басқа түрлері бар ма? — Мне нравится  фасон, но цвет, кажется, не подходит. Другие цвета имеются?
— Иә, бар. Шынында, бұл түс сізге онша келмейтін сияқты. Мына түсті көріңізші. — Да, есть. Действительно, вам этот цвет не очень. Посмотрите этот  цвет!
— Міне, менің ұнататын түсім мынау ғой. Осыны киіп көрейін. — Да, этот цвет мне нравится. Давайте примерю это платье.
— Бұл түс сізге жарасып тұр. — Этот цвет вам идет.
— Рахмет. Игілігіңізге киіңіз! — Спасибо. Носите с удовольствием!
Салалық терминдер.
Отраслевые термины
Азық-түлік, өнеркәсіп тауарлары – продовольственные, промышленные товары.
Ақша майдалау (ұсақтау) – разменять, (разменивать) деньги.
Бастапқы баға – стартовая цена.
Түпкі баға – конечная цена.
Бөлшек сауда …арқылы жүзеге асырылады – розничная торговля осуществляется через….
Жылжымалы сөрелер – выносные прилавки.
Жаймасөре – витрина.
Касса – касса.
Көтерме сауда – оптовая торговля.
Кепілдік міндеттемелері – гарантийные обязательства.
Қайтарымын беру – дать (давать)  сдачу.
Қоғамдық тамақтану – общественное  питание.
Сыртқы сауда – внешняя  торговля.
Ішкі сауда – внутренняя торговля.
Сауда қызметі – торговая  деятельность.
Сауда нысаны – торговый объект.
Акмолинский областной учебно-методический центр.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Читайте также